Жеке сот орындаушының қызметіне төленетін ақы мөлшері бекітілді

0
467

Әділет министрі Азамат Есқараев тиісті бұйрыққа қол қойды.


Жеке сот орындаушының қызметіне төленетін ақы мөлшері бекітілді

ERNUR.KZ. Жеке сот орындаушыларының қызметіне төленетін ақы мөлшері бекітілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әділет министрі Азамат Есқараев тиісті бұйрыққа қол қойды. Құжатта жазылғандай, енді жеке сот орындаушылардың қызметіне мына мөлшерде ақы төленеді:

мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:

- 60 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;

- 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;

- 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;

- 1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;

- 5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;

- 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;

- 20 000 АЕК-тен жоғары болса – өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.

мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:

- шығару және үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;

- талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;

- баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан үш ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.

мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:

- алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде.

Бұйрық 10 шілдеден бастап күшіне енеді.