Желі қолданушылары "Алматы жастары" сайтына шағымданды

0
687

Алматыдағы әкімдік өкілдері жүйеде техникалық ақау болғанын айтты.


Желі қолданушылары

ERNUR.KZ. Желі қолданушылары "Алматы жастары" тұрғын үй алу бағдарламасы сайтындағы іркілістерге шағымданды. Олар конкурс нәтижелері жарияланған күні сайтқа кіру қиындағанын айтты. Әкімдік өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы жастары" ресми сайтына кіру кезінде іркіліс пайда болғаны айтылды.



Алматыдағы әкімдік өкілдері жүйеде техникалық ақау болғанын айтты.

"Мамандар ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сайтқа бірнеше мың пайдаланушы кірген кезде сайт істен шықпауы үшін қуат пен жылдамдық қосылып жатыр. Сайттың жұмысы жақын арада жаңартылады", - деді ведомство өкілдері.

"Алматы жастары" - жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Оның ерекшелігі төмен пайыздық мөлшерлемесінде: он миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық бес пайыз жеңілдік мөлшерінде беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қарай жеке есептеледі және үш жылдан 25 жылға дейін созылуы мүмкін.