Желіде 42500 теңгенің 20 мыңын қайтару туралы хабарлама тарады

0
515

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттардың шынайылығын жоққа шығарды.


Желіде 42500 теңгенің 20 мыңын қайтару туралы хабарлама тарады

ERNUR.KZ. Қазақстандық Instagram-аккаунттардың бірінде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған «жұмыссыз» санатындағы қазақстандықтар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екендігі туралы ақпарат талқылануда, деп жазады Stopfake.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.

42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді және ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты жұмысынан айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілді.


«Егер азамат жұмыссыз болса, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында шектеулердің енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес еді. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, қазір МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.


Айта кетейік, 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді қайтару қажеттігі туралы ақпарат интернетте бұған дейін де тараған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттардың шынайылығын жоққа шығарды.