Желіде қарағандылық автобус жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады

0
442

Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Желіде қарағандылық автобус жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады

ERNUR.KZ. Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады. Кадрда үш ер адам сөйлесіп тұрады, кейін олардың екеуі жұдырықтаса жөнелгені, үшіншісі ажыратуға тырысып жатқаны көрінеді.


Желі қолданушылары қоғамдық көлік қызметкерлерінің бұл әрекетін сынға алды. Олар әзілдеп төбелесіп жатқандар Конор МакГрегормен жекпе-жекке шықсын деп жазды.

Видеоға қатысты Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді. Мемлекеттік мекеме бұл жазбаны көргендерін, видеоны зерттеп, оқиғаның мән-жайын, жанжалдың себебін анықтайтынын айтты.