Желіде Қорғастағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды

0
554

Жаппай төбелес видеоға түсіп қалған.


Желіде Қорғастағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. 6 қыркүйекте "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) аумағында қарулы төбелес болды, деп жазады zakon.kz.

Жаппай төбелес видеоға түсіп қалған. Бір минуттық видеода екі ер адам арасындағы төбелестің қалай басталатыны көрсетілген. Әрі қарай қалған адамдар да көтеріледі.

Жетісу облысы Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қақтығыс 20 мен 26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар арасында болған. Полиция олардың кім екенін анықтады. Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Төбелес салдарынан жарақаттанған мен зардап шеккендер жоқ. Тергеу жасалып жатыр. Оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысты адамдардың барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оқиға орнынан травматикалық тапанша табылды. Ол тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді".Жетісу облысының ПД

Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша Панфилов аудандық ІІБ-нің ТЖД-не тіркелді.