Желіде мародер мен мейрамхана иесінің қақтығысы жайлы видео пайда болды

0
1 227

​Әлеуметтік желіде Алматыдағы мейрамханалардың бірінің қожайыны мен мародерлер арасындағы қақтығыс түсірілген бейнежазба пайда болды.


Желіде мародер мен мейрамхана иесінің қақтығысы жайлы видео пайда болды

ERNUR.KZ. Мейрамханасын мародерлер басып алғанын білген қожайын басбұзарлардың ортасына еркін кіріп, шақырылмаған қонақтарды сабырға шақыруға тырысқан, деп жазады Экспресс К.

Қаңтардағы бүлік кезінде өз меншігін қорғамақ болған жігіт пен тонаушының арасындағы егес қантөгіспен аяқталуы да мүмкін еді.

Жігіттер, бұл менің мейрамханам. Мен осы жердің қожайынымын. Ал сендер үйлеріңе келгендей тайраңдап жүрсіңдер, дейді видеоның авторы.

Мейрамхана иесі келгеннен айылын тартпаған мародерлердің бірі оған тіпті өз талабын қояды.

Мен сенің қымбат ішімдігіңнен тағы біреуін алайын. Онсыз да біразын көтеріп кеткенбіз. Тағы алғымыз келеді. Бірақ сен мені ұры деме, дейді видеоға түсіп қалған басбұзар.

Ресторатордың түнгі қонақтардың ұсынысымен келіспеске амалы қалмаған болуы керек, ол меймандарын барға шақырып, сұрағандарын беріп шығарып салады.