Желіде Назарбаевтың ән салған видеосы жарияланды

0
990

Елбасы қыр үстінде екі немересін құшақтаған кадрлар бар.


Желіде Назарбаевтың ән салған видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Желіде Нұрсұлтан Назарбаев туған жерінде ән салған видео пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Видеодан қысқа үзінді Instagram желісіндегі elbasy_nazarbaev парақшасында жарияланды.

Кадрларда Тұңғыш Президент туған даласында серуендеп, "МузАРТ" тобының "Үш қоңыр" әнін шырқап жүр. Одан бөлек, Елбасы қыр үстінде екі немересін құшақтаған кадрлар бар.


"Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…", - деп жазылған видео түсіндірмесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі.