Желіде Талғат Ермегияевтің қатысуымен видео пайда болды

0
489

Әлеуметтік желіде колонияда Талғат Ермегияевтің қатысуымен түскен видео қызу талқыланып жатыр.


Желіде Талғат Ермегияевтің қатысуымен видео пайда болды

ERNUR.KZ. Видеода Ермегияев колонияда бірнеше адаммен бірге бокс техникасын шыңдап жатқанын көруге болады, деп жазады baq.kz.

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бейнежазбаға қатысты ресми түсініктеме берді.

Сотталған Т.Ермегияевтің қатысуымен түсірілген видеоға 2019 жылы Алматы облысы бойынша түзеу мекемесінің бөлімшелерінің бірінде жасалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта 2021 жылдан бері видеодағы сотталғандар бөлек камераларда, олардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік жоқ, - деп хабарлады Алматы облысы ҚАЖ мекемесінің баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес олардың бірі түрмеден шығып үлгерген.

2021 жылғы наурызда мекемеде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді. 2022 жылғы 29 наурызда осы жазбаның шығуына байланысты жазасын өтеп жатқандардың камералары тексерілді. Қандай да бір тыйым салынған заттар табылмады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қызметтік тексеру басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың спортпен айналысуға және белгіленген жерде спорттық құрал-жабдықтарды пайдалануға құқығы бар екенін атап өтті.