Желіде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ЖОО оқытушыларының тізімі жарияланды

0
667

Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом алған оқытушыларға қатысты пікір білдірді.


Желіде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ЖОО оқытушыларының тізімі жарияланды

Желіде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ЖОО оқытушыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында философия докторы PhD дәрежесін оқымай-ақ алған 58 оқытушының тізімін жариялады.

Журналист жалған диплом туралы мақаласынан кейін оқырмандары олардың аты-жөндерін жариялауды сұрағанын айтады.

"Менде бұл адамдардың аты-жөндері жазылған тізім бар. Көбі ЖОО оқытушылары, мемлекеттік университеттерде жұмыс істейді. Егер тізімнен өзіңіз танитын адамды тапсаңыз, сәлем айтыңыз", – деп жазды Михаил Козачков.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом алған оқытушыларға қатысты пікір білдірді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті 58 PhD докторы дипломын беруде заңбұзушылықтарды анықтады. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, дипломдар ведомствоға кері қайтарылды.