​ Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады

0
812

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін ескерткен болатын.


​ Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.

"Маңғыстау облысының аумағында, нақты айтқанда Жаңаөзен қаласында су басу қаупі бар және оған құзырлы органдары дайындық жүргізіп жатыр деген ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз. Бұл - жалған ақпарат. Мұндай жалған ақпараттарға сеніп, үрейленіп, дүрбелең туғызбаңыздар. Маңғыстау облысының ресми өкілдерінің ақпаратына ғана сеніңіздер", - дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін ескерткен болатын.