Желіге қазақстандықтардың 30 мыңнан астам Telegram аккаунтының мәліметі тарады

0
797

30 мыңнан астам аккаунт қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген.


Желіге қазақстандықтардың 30 мыңнан астам Telegram аккаунтының мәліметі тарады

ERNUR.KZ. Қазақстандық интернет қолданушылардың 30 мыңнан астам Telegram аккаунттарының мәліметтері желіде тарады, деп жазады zakon.kz.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-тың KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап беру қызметі Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қауіп-қатерді анықтау үшін мониторинг жүргізу кезінде Telegram мессенджері қолданушыларының жеке деректерінің 744 мың жазбсы бар файлды анықтады. Талдау нәтижесінде, бұл файлда желі пайдаланушыларының идентификаторы, аты-жөні, телефон нөмірі және "өзім туралы" бағанына толтырылған мәліметтері сияқты жеке деректер бар екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, 30 мыңнан астам аккаунт қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген, деп хабарлайды "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram-арна авторы табылған файлды "Глаз Бога" платформасының клиенттік базасы ретінде сипаттайды, бұл - ТМД-дағы ең үлкен қызмет (1 миллионнан астам қолданушы).

Осыған байланысты біз Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық қолданушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сонымен қатар Интернетке жеке деректеріңізді енгізген кезде қырағылық танытып, жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз, делінген "Мемлекеттік техникалық қызметі" АҚ KZ-CERT баспасөз қызметі хабарламасында.