Жемқорлар жымқырған 414 млн теңге қазынаға қайтарылды

0
533

45 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.


Жемқорлар жымқырған 414 млн теңге қазынаға қайтарылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы жемқорлардың мемлекеттен жымқырған қаржысы 450 миллион теңгеге жетіп отыр. Қазіргі уақытта ұрланған соманың 414 миллион теңгесі кері қазынаға қайтарылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір 45 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

Бұдан бөлек, аса ірі көлемде ақша жымқыру фактісімен білім басқармасындағылар да істі болып жатыр. Дерекке қарағанда, қаржы бөлімі басшысының орынбасары 30 млн теңге пара беріп, қылмыс жасауға оқталыпты. Материалдар сотқа жіберілген.