Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті қайтыс болды

0
819


Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любов Худов 76 жасында қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Любовь Николаевна тоқыма өнеркәсібінің патриоты, көп ұрпақтың ұстазы, тігін өндірісінің көшбасшысы болды. Ол өте әдепті, адал, әділ және кәсіби адам еді, - деп жазды Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева.

Худова Любовь 1946 жылы 28 қарашада Мары қаласында (Түркіменстан) дүниеге келген. Ташкент тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын басқарады.