Жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр

0
540

Сонымен қатар отандық өндірістегі автокөліктерді жеңілдікпен сатып алуға ваучерлер беру бағдарламасы әзірленеді.


Жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр

ERNUR.KZ. Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады sn.kz.

"Қазақстанда жаңа көліктердің, оның ішінде азаматтардың жекелеген топтары үшін қолжетімділікті арттыруға бағытталған жеңілдетілген автонесие беру, сондай-ақ халықтың қоғамдық көлікте қозғалысы үшін жағдайды жақсарту мақсатында автобус паркін жаңарту бағдарламасы қайта басталады", - деді ол.

Оның айтуынша, «ӨКМ Оператор» ЖШС-нен өкілеттіктер мен активтер «Жасыл Даму» АҚ-на өткеннен кейін, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет азаматтар арасында өте танымал болған жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасын жаңартуға шоғырландырылған қаражатты бағыттау мүмкіндігін зерделеп жатыр. Бұл ретте теңгемен жылдық 4%-дан аспайтын номиналды мөлшерлеме бойынша бастапқы жарнасыз автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Сонымен қатар отандық өндірістегі автокөліктерді жеңілдікпен сатып алуға ваучерлер беру бағдарламасы әзірленеді. Осы аптада сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен өтетін отырыстарда барлық жеңілдікті бағдарламаның мазмұнын жұмыс топтары нақтылайды, - деп айтты вице-министр.