Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақтар қона алмады

0
447

Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына 5 әуе кемесі қонуы керек болған7


Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақтар қона алмады

23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматыда жер сілкінісі болды, ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің «мұнарасында» айтарлықтай сезілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аэродром ауданында қонуға бет алған 5 әуе кемесі болды, оның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. 4 әуе кемесі жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуе қозғалысын басқару органдарына тапсырумен аэродром аймағында күту ұйымдастырылды. Осыдан кейін аэродромды басқару орталығының басшысы мұнарадан эвакуациялауға шешім қабылдады.

Аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа созылды. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады.

Қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі — Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды.Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

Сағат 00: 39-дан бастап әуежай штаттық режимде жұмыс істей бастады. Қосалқы аэдромға аттанған КС-856 рейсі Түркістаннан 02.32-де Алматыға ұшып, 03.34-те сәтті қонды.

Кезекші ауысым күтпеген жағдайда жоспарға сәйкес әрекет етті.