Жеті мыңнан астам мектеп 5 күндік режимдегі жұмысқа дайын

0
542

Биыл үш жарым миллионнан аса бала мектептерде білім алады.


Жеті мыңнан астам мектеп 5 күндік режимдегі жұмысқа дайын

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылында 7 мыңнан аса мектеп бес күндік режимде жұмыс істеуге сақадай сай тұр, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Биыл үш жарым миллионнан аса бала мектептерде білім алады. Оқушыларға 384 мың педагог сабақ беріп, оқу жылы 36 аптаға созылады. Жаздың алғашқы күнінен бастап оқушылар әдеттегі каникулға шығады. Жазғы демалыс күндерін қосқанда балалар 192 күн демалады, ал 173 күн оқиды.

"Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырға дейін, яғни 36 аптаға созылады. Жаздың алғашқы күнінен бастап оқушылар дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. Тиісінше жаздың 3 айында балалар толығымен демалады. Жалпы бір оқу жылында балалар 4 рет демалады. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ", - ҚР Оқу-ағарту вице-министрі, Шолпан Каринова.