Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды

0
346

Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.


Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
"Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін "Келу туралы міндеттеме" бұлтартпау шарасы таңдалды",- делінген хабарламада.