Жетісу облысында 23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қарындасын зорламақ болған (видео)

0
401

23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қызды бірнеше мәрте зорламақ болып, азғындаған.


Жетісу облысында 23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қарындасын зорламақ болған (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық станциясындағы ер адам жасөспірімді зорламақ болды деген бейнежазба тарады, деп жазады stan.kz.

23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қызды бірнеше мәрте зорламақ болып, азғындаған. Кадрда бірнеше адам ер адамды сұрақтың астына алып жатқанын көруге болады.

Анасы жасөспірімнен оқиға қалай болғанын сұрауда.

“Дәретхананы кілттеп кіргем. Бір кезде есікті түртіп, ашпақ болды. Қорыққанымнан ашып қалдым. Сол кезде ағамның заттары туралы сұрай бастады. Бір кезде қолымды қысып, кереуетке жатқызды. Оның күштегенінен әлім кетіп, қасарыса алмадым. Тиісті. “Не істеп жатырсыз, ағама айтып беремін” деп қашып үлгердім. Ол “анаң мен ағаңа айтсаң, қылқындырып өлтіремін” деді”, – дейді қыз.

Ер адам қыздың айтқаны шын екенін мойындап отыр.

Кәмелет жасына толмаған қыз мұндай жағдай бұрын-соңды қайталанғанын, бірақ бұл жайтты үй ішіне айтуға ұялғанын түсіндіруде.

Бейнежазба жариялаған автордың айтуынша, қаскөй отбасылы екен.

Полиция департаменті аталған жағдайға пікір білдірді.

“Аталған факті бойынша ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген “Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Достық станциясының 23 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылды”, – деді Жетісу облыстық ПД.

Қылмыстық істі тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес факті бойынша толығырақ ақпарат беру мүмкін емес.