Жетісу облысында Audi жүк көлігімен соқтығысып, төрт бала зардап шекті

0
1 835

Жол апатына қатысты сараптамалар жасалады, қылмыстық тергеу басталды.


Жетісу облысында Audi жүк көлігімен соқтығысып, төрт бала зардап шекті

ERNUR.KZ. Жетісу облысында Ауди-100 бен ГАЗ САЗ соқтығысып, 9 адам зардап шекті, оның төртеуі – бала, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның хабарлауынша, көлік апаты 14 қазанда Көксу ауданында Балпық-би – Мәмбет тас жолында болған.
"Оқиға орнынан тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі (екі көліктің жүргізушісі) медициналық тексерістен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қалған жеті адам дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккендердің төртеуі - 2011, 2018, 2019 жылы туған балалар", - деп хабарлады Жетісу облысының полициясы.
Жол апатына қатысты сараптамалар жасалады, қылмыстық тергеу басталды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.