Жетісу облысында ауыл балабақшасынан 38 млн теңге ұрланған

0
433

Күдікті белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жетісу облысында ауыл балабақшасынан 38 млн теңге ұрланған

ERNUR.KZ. Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болды. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау)», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Істі Жетісу облысы прокуратурасы тергеп жатыр. Күдікті белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.