Жетісу облысында дене шынықтыру мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлаған

0
1 202

Жетісу облысы Жаркент қаласында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әріптесінің автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінді.


Жетісу облысында дене шынықтыру мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлаған

ERNUR.KZ. Аудандық полицияға Mazda-626 ұрланғаны туралы хабар түсті. Автокөлік иесі мектеп мұғалімі болып шықты. Ол кілтті көлік ішінде ұмытып кеткен, сол сәтте белгісіз біреу оны айдап әкеткен, деп жазады sputnik.kz.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып, заңды иесіне қайтарды.
Күдікті де білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.
Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.