Жетісу облысында ұсталған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

0
439

Жергілікті полиция екі күн бойы іздеп, тау арасына жасырынған жерінен тапқан күдіктінің жасы отыз бесте екен.


Жетісу облысында ұсталған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

ERNUR.KZ. Жетісу облысының Сарқан ауданында кеше ұсталған күдіктіге қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Жергілікті полиция екі күн бойы іздеп, тау арасына жасырынған жерінен тапқан күдіктінің жасы отыз бесте екен. Ол аудан орталығындағы мектептердің бірінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Күдікті 14 жастағы ұл баланы Сарқан қаласындағы қонақ үйге ертіп барып, зорламақ болған. Баланың көмек сұраған айқайын естіген қонақ үй әкімшісі араға түсіп, полиция шақырған. Күдікті қашып үлгерген.

«Сұмдық хабарды естіп шошып отырмыз. Сенгің келмейді. Ол жігіт он жылдай болды, ұстаздық етіп жүрді. Ұл балаға әрі өзінің балдызына бұлай жасамақ болды дегені ақылға сияр емес», - дейді Kazinform тілшісіне мән-жайды түсіндірген сарқандық тұрғын.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында жасөспірімге зорлық жасаған күдіктінің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.