Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
1 446

Алкогольдік ішімдік ішудің соңы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.


Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Кербұлақ ауданында болды. 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.
"Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша алкогольдік ішімдік ішудің соңы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.