Жетісу облысында жер сілкінді

0
1 094

Бұған дейін 19 қыркүйекте Алматы облысында жер сілкінісі болған еді.


Жетісу облысында жер сілкінді

ERNUR.KZ. 22 қыркүйек күні Жетісу облысында жер сілкінді, деп жазады zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 22 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 07.38, 11 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде Қазақстан аумағында.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9,4. Магнитудасы MPV: 4,9. Эпицентр координаттары: 46,09° солтүстік, 79,21° шығыс. Тереңдігі: 10 км", - делінген хабарламада.

Сілкініс сезілгені туралы хабарлама болған жоқ.

Бұған дейін 19 қыркүйекте Алматы облысында жер сілкінісі болған еді.