Жетісу облысында жол апатынан 73 жастағы әйел қаза тапты

0
833

40 жастағы әйел рөлді басқара алмай қалған.


Жетісу облысында жол апатынан 73 жастағы әйел қаза тапты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында көліктің нашар техникалық жай-күйі адам өліміне әкеліп соқты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 208-шақырымында болды. Toyota Camry автокөлігі жол бойындағы металл қоршауына соқтығысқан. Көлік жүргізушісі 40 жастағы әйел рөлді басқара алмай қалған.

Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.