Жетісуда БАҚ өкілдері қаламын қаруға алмастырды

0
1 187

Республикалық, теле-радио, газет-журналдар мен өзге де ақпарат құралдарынан 50-ге жуық адам келді.


Жетісуда БАҚ өкілдері қаламын қаруға алмастырды

ERNUR.KZ. Қаламды қару еткен тілшілер қауымы шынайы қару ұстап, сарбаздардың қарымы мен тегеурінін сезінді. Ол үшін Құрлық әскерлерінің әскери институты арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырды. Оған алматылық 50-ге жуық БАҚ өкілі қатысты, деп жазады 24.kz.

Құрлық әскери институты журналистер арасында жыл сайын арнайы спорттық оқу-жаттығу өткізуді дәстүрге айналдырған. Осы жолғы шараға республикалық, теле-радио, газет-журналдар мен өзге де ақпарат құралдарынан 50-ге жуық адам қатысты.

Тілшілер жекелеген командаларға бөлініп, противогазбен жүгіру, жарылғыш заттарды лақтыру, кедергілерден өту бойынша жарысты. Бұл эстафетада бірнеше сынақ кезеңі бар. Сарбаз мынадай терезеден өткенен кейін бөгетке көтеріледі. Бәрі уақытқа байланысты. Және сарбаздың шапшаңдығы мен ептілдігіне байланысты. Жарыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін тілшілер атыс алаңына бет алды. Бұл жерде сарбаздардың отты қарудан нысанаға дәл атудағы мергендігі көрсетілді.

Ал тілшілер Калашников автоматымен нысана көздеді. 200 метр қашықтықта пайда болатын нысанға кемінде үш оқ дарытсаңыз жоғары баға аласыз. Мергендік пен ептілік сынында нәзікжандылар жақсы қырымен танылғанын айта кетейік.

Жаңыл Асылбекова, «Қазақстан» арнасының продюсері: - Әсерім ерекше. Шынымен де бұған дейін тирде атып жүргенмін. Маған әскери киімдер, әскери өмір ұнайды. Ал қазір нағыз қару-жарақты қолыңа ұстап, көздеген кезде өзіңнің артыңда команда тұрғанын сезінесің де, соларды ұятқа қалдырмайын деп мүмкіндігінше тырысып бақтым.

Гүлдана Нұрлыханова, «Ұлан» газетінің журналисі: - Ал қазір сарбаздарымыздың қандай қиындықпен, дайындықпен күн-түні ұйқысыз жүретінін өзіміз сезініп жатырмыз. Өте күшті. Барлық әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Қазір бұл жерде оқу орнының жоғары курс сарбаздары сабақта алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып жатыр. Яғни әскери техниканы басқару мен отты қарудан нысанаға дәл атуда білім мен білікті шыңдау қажет.

Жұмабек Хасенов, ҚР ҚК Құрлық әскері институты басшысының орынбасары: - Курсанттарымыздың бәрі, болашақ офицерлеріміз өте жақсы бағаға атты. Нысананы бір снарядтан жойып түсірді. Біздің курсанттар ғана емес, 78-ден астам мұндай әскери институттың базасы болу деген тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядада жоқ.

Түс ауа журналистерге арналған арнайы оқу-жаттығу әрі жарыс аяқталды. Жалпыкомандалық есепте Ұлан Тәліпбай, Асқар Серғалиев пен Мақсат Құсайынов және «Хабар» тілшілерінен құралған команда бірінші орынды жеңіп алды. Жалпы, әскери сынақтарға қатысып, үздік атанған тілшілерді Құрлық әскери институты басшылығы арнайы алғыс хаттармен марапаттады.