Жетісуда бюджет қаражатын ұрлаған шенеунік ұсталды

0
457

Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде.


Жетісуда бюджет қаражатын ұрлаған шенеунік ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлады деген күдіктерді ұстады, деп жазады baq.kz.

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкері, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталып, УҰИ-ге қамалды, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде.

Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды.

Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.