Жезқазған әкіміне сөгіс жарияланды

0
781

Қайрат Бегімов 2018 жылы Жезқазған әкімі болып тағайындалған.


Жезқазған әкіміне сөгіс жарияланды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің жұмысын өңір салқын сумен қамтамасыз етілмегендіктен сынаған.

"Мен сумен қамтамасыз ететін бөлім жұмысын теріс бағалаймын. Сонымен қатар, "Қазақмыс" басшылығына хабарлайтыным: қаланы сумен қамтамасыз етуге жауапты барлық адам ұстанымының сәйкестігіне назар аударыңдар", - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

2020 жылы Жезқазғанның бюджеті 5 миллиардқа өседі. Қарағанды облысының әкімі қаражатты қоғамдық мәселені шешуге тиімді қолдануға шақырды. Жеңіс Қасымбек Жезқазған - Қызылорда трассасы бойынша жөндеу жұмыстары мамырда бітетінін хабарлаған. 2021 жылға қарай Қарағанды-Жезқазған жолында күрделі жұмыс басталатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Қайрат Бегімов 2018 жылы Жезқазған әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.