Жезқазған мыс балқыту зауытының трансформаторы жанып кетті

0
1 042

Зауытқа қатысты кезектен тыс тексеру жұмысы басталды


Жезқазған мыс балқыту зауытының трансформаторы жанып кетті

ERNUR.KZ. Бүгін сағат 08:43-те «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның Жезқазған мыс балқыту зауытында балқыту цехының электр пеші учаскесінің рудотермиялық пеш трансформаторы (РПТ-1) жанып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің хабарлауынша, сағат 10:26-дан бастап өрт ошағын оқшаулау жұмыстары жүргізілген. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Экология департаменті аталған факті бойынша мыс балқыту зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады.