Жезқазғандағы жол апаты: 1 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілді

0
506

Автобусқа соғылған жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


Жезқазғандағы жол апаты: 1 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласының маңында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Белгілі болғандай, апатқа жолдың қарсы бөлігіне шығып кеткен жеңіл автокөлік себепші болған. Ішінде жолаушылары бар автобусқа бар екпінімен келіп соғылған автокөлік артынша отқа оранған», - делінген ақпаратта.

Арна тілшісінің хабарлауынша, алған жарақаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында бірден жантәсілім еткен.

Автобус салонында 15 жолаушы болған. Олардың 14-і ауруханаға жеткізілді, ал ауыр жарақат алған бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қажетті сараптамалар тағайындалды.