Жезөкшелерге бәсекелестер пайда болды: Жігіттер ашықтан ашық тәнін саудаға салуда

0
2 756

Жезөкшелерге бәсекелестер пайда болды.


Жезөкшелерге бәсекелестер пайда болды: Жігіттер ашықтан ашық тәнін саудаға салуда

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде тәнін сататын еркектер қаптап жүр. Қоңыраумен келетін жігіттерді шетелдің киноларынан көргенде таңғалып, жағамызды ұстаушы ек. Сөйтсек олар стриптизші екен. Біздікі бәрінен асып түсті. Ең сорақысы, ұсыныстың артуына сұраныстың көбеюі тура пропорционал екенін ескерсек, сол сұранысты тудыратын өзіміздің қаракөздеріміз екен. Ішінде тұрмыстағы келіншектер де бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Иә, әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұрғаны рас. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса 15-20 мың теңге аралығы, ал өзі баратын болса 25-30 мың теңге. Тіпті тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен. Сайттағы 18 бен 40 жастағы еркектер дене, жыныс мүшелерінің бейнесін жарнамалап қызықтыратын көрінеді. Бірінен-бірі асып бойының, жыныс мүшесінің ұзындығын, салмағын жарнамалап жарысады олар.

Өзін Дамир деп таныстырған "жеңіл жүрісті" жігіттің бұл кәсіптен нәпақа тауып жүргеніне 1 жылдан асыпты. Қызметін барынша «өткізу» үшін тәжірибесі барын, кез келген нәрсені жасай алатынын, тіпті ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұратынын айтады.

Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табысы ретінде айналысатын болса, негізгі жұмысы ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Десе де мұндай жігіттер жәйдан-жәй пайда болған жоқ, сұранысқа ұсыныс білдіріп отыр. Жалғызбасты, ауқатты, күйеулерінен ләззат ала алмай жүрген келіншектердің ермегі. Сол себепті де, оңай ақшаға көбіне сымбатты, көп нәрсеге жауапкершілік алғысы келмейтін жігіттер жүгінеді, дейді сексолог.

«Бұл үлкен қоғамдық мәселе. Бұл тек қана кішкентай бөлімнің мәселесі емес. Ол еркектердің жалпы қазір көбеюі сұранысқа байланысты. Яғни осындай агрессивный, жалғыз басты өте ақшасы бар қыздар. Менің естігенім бойынша тіпті тұрмыста болса да, басқа бір қызықты нәрсе қалаған азаматшалар бар. Осындай жігіттерге өздері сұраныс көрсеткендіктен осындай сұлу жігіттер өздерін қинағысы келмейтін жігіттер осылай оңай жолды таңдағысы келеді», дейді сексолог САЛТАНАТ МУРАДОВА.
Психолог Ержан Мырзабаев та эскорттық қызметте жүрген жігіттерді табыс табудан бөлек жыныстық қатынастан ләззат алу үшін айналысатынын тілге тиек етті
«Бұл жерде ер кісі, әйел кісі деп ажыратудың керегі жоқ. Көбіне әйел кісілер бұл қызметті көрсетеді, бұнымен айналысады деген кең таралған миф. Негізі ер кісілер де бұмен аз айналыспайды. Кейбір кісілер эскорттық қызметті қызығушылықпен көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастан ләззат алу. Әртүрлі портнерлармен бірге болу сияқты қызығушылықпен өткізеді», дейді психолог ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ.
Ал, қоғам белсендісі тән саудасында көбіне студенттер мен күзетшілер көп жүреді. Оларды әлеуметтік жағдайының төмендігі мәжбүрлеп отыр деген пікірді алға тартты.
«Бұны азғындық дейміз бе басқа дейміз бе, пайда болып отыр. Көбіне ондайға баратындар студенттер. Қазақ жігіттерінің көбісі күзетші болып жүр ғой. Көбіне күзетшілер ғой айналысатын. Сондықтан да бұл қоғамның проблемасы», дейді қоғам белсендісі ОРАЛБЕК ӨТЕҒҰЛОВ.
"Біле білсе интимдік қызметті кәсіп ету ер азаматтардың денсаулығына да зиян. Өйткені жыныстық қарым-қатынастың белгілі бір реті болады. Сонымен қатар отбасылық өмірінде әйеліне көңілі толмаушылық және және балаларына мейірім білдіре алмау сынды кері әсерлері болуы мүмкін", - дейді мамандар.