​«Жігітті 5 бас қойға айырбастаймын»: Ғаламтордағы жарнама қазақстандықтарды күлкіге қарық қылды

0
2 822

​ERNUR.KZ. Естімеген елде көп. Технология дамыған заманда ғаламтор арқылы жарнама беріп, табыс тауып отырғандар саны күн санап артуда. Дегенмен «шаш ал десе, бас алатын» кейбір жандар өз жарнамасымен елді күлкіге қарық қылатын әдеті тағы бар. Оған жуырда ғаламторда жария етілген мына бір хабарландыру дәлел бола алады.


​«Жігітті 5 бас қойға айырбастаймын»: Ғаламтордағы жарнама қазақстандықтарды күлкіге қарық қылды

ERNUR.KZ. Естімеген елде көп. Технология дамыған заманда ғаламтор арқылы жарнама беріп, табыс тауып отырғандар саны күн санап артуда. Дегенмен «шаш ал десе, бас алатын» кейбір жандар өз жарнамасымен елді күлкіге қарық қылатын әдеті тағы бар. Оған жуырда ғаламторда жария етілген мына бір хабарландыру дәлел бола алады.

«Мына жігітті сатамын немесе бес бас қойға айырбастаймын» деген хабарландыру беруші бұл ер азаматты сатылымға шығаруының себебін де жазып өткен.

«Сатылымға шығарудың себебі - ол көп тамақ жейді. Бірақ, кез келген жұмысты жақсы істейді» деген жазба соңына жарнама иесі бес бас қойдан аз ұсынуға болмайтынын ескертіп өткен. Жарнаманың фотосын әлдекім әлеуметтік желіге салып жіберген. Мұны көрген желідегілер күлкіге қарық болып, тіпті өзара қалжыңдаса түсті. Тіпті кейбірі фотодағы ер азаматты әлдекім келеке етіп, хабарландыру қалдырған деп болжам жасап, енді бірі өзгелерге бұл күлетін нәрсе емес деп кеңес беру үстінде. Ал келесі бірі қолынан кез келген іс келетін жігіт ұнап қалса керек, «аламын, хабарлас» деп пікір қалдырып үлгерген. Қысқасы, бұл жарнаманы желідегілерге әзілге бағалап, көтеріңкі көңіл сыйлағаны үшін хабарландыру авторына алғыстарын да білдіруді ұмытпады.

Фото: желіден алынды