Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды

0
4 730

аудиожазбаның ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Сол кезде сан алуан балағат сөзді 150 рет айтқан.


Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында қол астындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тергеу шаралары басталды, деп жазады sputnik.kz.

Агенттік мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен болған жиналыстың аудиожазбасын анықтады.
"Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізуде", - делінген ресми хабарламада.
Уральская неделя порталында жарияланған мәліметке сәйкес, аудиожазбаның ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Сол кезде сан алуан балағат сөзді 150 рет айтқан. Соның ішінде қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер де аз емес.
Бұл жиналыс наурыз айында болған. Сол кезде қар еріп, су басу қаупі туындаған. Әкім қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, туфлидің орнына резеңке етік киюді бұйырды.
"Иә, сол кезде мен қызбалыққа салындым, қатты сөздер айттым. Заң бойынша олай істеуге құқығым жоқ, оны да білемін. Бірақ сол кезде су басу қаупі бірінші орында тұрды, содан қатты сөздерді пайдалануға тура келді. Осы кеңестен кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Ал қатты сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын", - дейді Тоқжанов.