Жоғалып кеткен 8 айлық бала Талдықорғанда табылды

0
555

Баланы Талдықорғанда жеке тұрғын ұйде тұратын әкесінің туыстарынан тапқан.


Жоғалып кеткен 8 айлық бала Талдықорғанда табылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда ұрланған 8 айлық бала табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция қызметкерінің айтуынша, баланы Талдықорғанда жеке тұрғын ұйде тұратын әкесінің туыстарынан тапқан. Қазір нәресте анасына берілді, ана қалалық полиция қызметкерлеріне баласын табуға көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді.

"Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.