Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

0
941

Бұл туралы жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді.


Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ғалия Бақытжанқызы Аққуова, Әділ Жамбасбайұлы Құрықбаев, Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаев, Моряк Смағұлұлы Шегенов орнынан түсуіне байланысты, ал Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына орай ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.

«ҚР Президентінің Жарлығымен Е. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына Ғ. Аққуова, Ә. Құрықбаев, А. Сәрсенбаев және М. Шегенов отставкаға кетті», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.