Жол апаты: Ақтөбе облысында 8 шетелдік қаза тапты

0
264

Жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.


Жол апаты: Ақтөбе облысында 8 шетелдік қаза тапты

Самара-Шымкент автожолында Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.



Трагедия 3 сәуірде Маржанбұлақ ауылының маңында болды.
"Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Барлығы Өзбекстан азаматы", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.