Жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды

0
1 176

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 25 жастағы жолаушы қаза тапты


Жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды

ERNUR.KZ. 10 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жол апаты боп, 25 жастағы жолаушы қаза тапты, деп жазады sn.kz.

Сажаевка ауылында жеңіл автокөлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктегі 25 жастағы жолаушы мерт болды.

Куәгерлердің айтуынша, Зерендіге бара жатқан жеңіл автокөлік төменге құлдилай бергенде қарсы бетке шығып кеткен. Сол кезде оған ауыр автокөлік соғып, жеңіл машинаны жол жиегіне сүйреп тастаған.

Оқиғаның қалай болғанын полицейлер тексеріп жатыр.