​Жол апатынан автобустың 12 жолаушысы зардап шекті

0
995

Жол апаты Солтүстік айналым көшесінде болған.


​Жол апатынан автобустың 12 жолаушысы зардап шекті

ERNUR.KZ. Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғысып, 12 адам зардап шекті, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апаты Солтүстік айналым көшесінде болған.

№137 автобустың жүргізушісінің сөзіне қарағанда ол арнайы жолақта келе жатқан. Ал екінші жолақта сол сәтте Toyotа маркалы көлік келе жатқан. Бірде жеңіл көлік жүргізушісі бұрылып, автобус сол сәтте көлікпен соғысқан. Жол-көлік оқиғасынан автобустың 12 жолаушысы зардап шеккен.