Жол бойына төгілген спиртті қостанайлықтар шелектеп құйып алып жатыр - видео

0
1 054

Қостанай облысында спирт құйылған цистерна аударылып қалып, ішіндегісі жол бойына төгілді


Жол бойына төгілген спиртті қостанайлықтар шелектеп құйып алып жатыр - видео

ERNUR.KZ. Қостанай облысында спирт құйылған цистерна аударылып, ішімдік жол бойына төгілген. Ал жергілікті тұрғындар жолға жайылған спиртті шелектеп тасуда, деп жазады Sputnik.

Қостанайлықтардың бұл ісі әлеуметтік желіге тарап кетті.

Жол апаты бірнеше күн бұрын Қостанай облысында Алматы-Ектеринбург тас жолында болған.

Видеодан бірнеше ер адаманың жол бойына төгілген спиртті шелектеп ыдысқа құйып жатқанын көуруге болады. Жергілікті тұрғындар Қазақстанның жолдарында "спирт өзендері" ағып жатады деп әзілдеп қояды.

Айта кетейік, жол апаты алтыншы ақпанда болды. 60 жастағы "Volvo" жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, спирт құйылған цистерна жыраға аударылып қалды.

Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір тергеу жүріп жатыр.