Жол бойындағы бойжеткенді автобус қағып кетті

0
1 109

Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері оқыс оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Жол бойындағы бойжеткенді автобус қағып кетті

ERNUR.KZ. Елордада автобус жол бойында бойжеткенді қағып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін күндіз «Лазурный квартал» тұрғын үй кешені аумағында, жол бойында болған. Бойжеткенді №52 қалалық бағытта қатынайтын автобус қаққан. Зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігі аурухана алып кеткен.

Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері оқыс оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.