Жолаушылар тасымалымен айналысқан қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталды

0
575

1969 жылы туған У.есімді ер адам, бүгін таңертең № 4 бақылау-өткізу бекетінде ұсталды.


Жолаушылар тасымалымен айналысқан қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда қоқыс көлігінің жүргізушісі заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып жүр, деп жазады Polisia.kz.

1969 жылы туған У.есімді ер адам, бүгін таңертең № 4 бақылау-өткізу бекетінде ұсталды. Полицейлер оның жүк көлігін мұқият тексерді: үшеуі кабинаның “ұйықтайтын қапшығына” тығылды, тағы екеуі үлкен көліктің артына отырды. Осылайша, жүргізушімен бірге жүк көлігінде бес адам болды, олардың екеуі – әйелдер.

Қоқыс көлігі жолаушыларды облыстан қалаға тасымалдауға тырысты. Тасымалдаушы өзінің қызметін қандай бағаға бағалағандығы – әрі қарайғы тексеру нәтижесінде анықталады. Қазіргі уақытта жүргізуші мен жолаушылар Алатау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының талаптарына сәйкес төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі.