Жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметі тексеріледі – ҚР ІІМ

0
616

Қоғамдық көлік жүргізушілердің жұмысының еңбек кодексіне сай жүруі де тексеріске алынады.


Жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметі тексеріледі – ҚР ІІМ

ERNUR.KZ. Елімізде заңсыз жұмыс істейтін қоғамдық көліктер мен такси қызметі бақылауға алынады. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап ел аумағында «Автобус» жедел профилактикалық шарасын өткізіп жатыр. Мақсат – жолда жүру қауіпсіздігін тағы бір еске салу. Шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы тексеріледі. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілердің құжаты талапқа сай болуы да бақылауға алынады», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілердің жұмысының еңбек кодексіне сай жүруі де тексеріске алынады.

«Автобус жүргізушілердің денсаулық жағдайы мен медициналық тұрғыдан жұмысқа жарамдылығы мәселесіне мән берілмек. Одан бөлек, жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметіне қатысты да жедел профилактикалық шарасы өтеді», - дейді ол.