Жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өткізіліп жатыр

0
567

Модульдік конструкция республикалық маңызы бар "Астана-Павлодар" күре жолының 24 шақырымында (Қоянды ауылы қасындағы көлік айрығынан кейін) орнатылды.


Жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өткізіліп жатыр

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы күре жолдарды қар басудан қорғайтын елімізде шығарылған заманауи қоршауларды сынақтан өткізіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Модульдік конструкция республикалық маңызы бар "Астана-Павлодар" күре жолының 24 шақырымында (Қоянды ауылы қасындағы көлік айрығынан кейін) орнатылды.
Жаңа "КТ-63" қоршауларының ең басты артықшылығы — олар коррозияға төзімді материалдардан жасақталған. Тиісінше, бұл қоршаулардың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ.
Темірбетоннан жасалған арнайы қоршаулармен салыстырғанда, бұл қоршауларды орнату оңай және техникалық қызмет көрсетіп, күтіп-ұстауды қажет етпейді.