Жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүргендер алматылықтарды ашуландырды

0
339

Әлеуметтік желілерде жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүрген төрт адамның видеосы тарады.


Жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүргендер алматылықтарды ашуландырды

ERNUR.KZ. Алматыда жол ортасында самокатпен жүрген бір топ адам тұрғындарды ашуландырды. Оларды қалалық полицейлер іздестіріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүрген төрт адамның видеосы тарады. Қолданушылар оларды бейқамдығы үшін сөгіп жатыр. Олар жол деген - қауіпті орын екенін және мұнда қателік кешірілмейтінін еске салды.




Полиция департаменті видеоға түсінік берді.

"Бұл шынымен олардың өміріне қауіп төндіреді. Біз оларды міндетті түрде тауып, жауапқа тартамыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев полиция жолдар мен тасжолдарда электрсамокатпен жүретіндерді ұстайтынын мәлімдеген болатын.