Жомарт Ертаев мәскеулік тергеу абақтысына отырғызылды

0
859

Ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейде қашқын мәртебесін алуға өтініш білдірген.


Жомарт Ертаев мәскеулік тергеу абақтысына отырғызылды

ERNUR.KZ. Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеудің тергеу абақтысына отырғызылды. Ол онда 2019-шы жылдың 26-шы маусымына дейін отырады, деп жазады nur.kz.

Ертаев тергеу абақтысына 20-шы желтоқсан күні отырғызылғаны хабарланды. Мерзімді ұзарту санкциясы 26-шы желтоқсанда шыққан. Қәсіпкерге қатысты ақша иемдену және талан-таражқа салу бойынша іс қозғалған.

Еске сала кетейік, Жомарт Ертаев алғаш рет Мәскеуде 2018-ші жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Оған аса ірі көлемдегі ақшаны қалтаға басты деген айып тағылған.

Сот шешімі бойынша банкир үй қамаққа отырғызылды.

Ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейде қашқын мәртебесін алуға өтініш білдірген.

Екінші рет Ертаев 2018-ші жылдың қараша айында тұтқындалды.Бұл жолы ол ресейлік полицейлердің әрекеттеріне ЕАҚЖС-қа шағым түсірді. Ресейдің прокуратура қызметі Ертаевті тергеу абақтысына отырғызуды талап еткен.