ЖОО профессоры: Дипломды жұлдыз әншілер сабаққа келмей-ақ алып жатыр (видео)

0
3 409

Мырзантай Жақыптың айтуынша, жоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі талантты жастарға емес, сабаққа мүлде келмейтін жұлдыздарға үлестіріледі.


ЖОО профессоры: Дипломды жұлдыз әншілер сабаққа келмей-ақ алып жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Белгілі профессор Мейрамбек Беспаев бастаған әншілердің магистратурада қалай оқығандарын жасырмай жайып салды, деп жазады КТК.

Еліміздегі мүйізі қарағайдай Еуразия Ұлттық университетінің профессоры магистранттарға деп бөлінетін білім гранттарының кімге кетіп жатқанын ашық айтып берді.

Мырзантай Жақыптың айтуынша, жоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі талантты жастарға емес, сабаққа мүлде келмейтін жұлдыздарға үлестіріледі. Оның ішінде, атақты әнші, асаба, әйгілі тележүргізушілер де бар. Тек сахнадан ғана көрінетін студенттерге ұстаздар жоғары баға қоюға мәжбүр екен.

Белгілі доцент Мырзантай Жақыпты жоғары оқу орындарындағы жағдай әбден мезі қылыпты. Мемлекеттік грант иегерлерін анықтауға қатысатын ұстаз бәйге шаппай жатып-ақ, жүлдегерлердің белгілі болатынын айтады. Ал грантқа түскен студенттерін сосын оқытушылар тек сахнадан ғана көріп жүреді екен. Көбі халықтың сүйікті әншілері. Мемлекеттік есебінен «магистр» атанғандардың ішінде - Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас та жүр. Әндерін сүйіп тыңдағанымен, ұстаздардың бұл студенттерге өкпесі «қара қазандай».