ЖСН алу ресейліктерге қандай мүмкіндік береді

0
429

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, ЖСН-і бар шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тарту процесі жеңілірек жүреді.


ЖСН алу ресейліктерге қандай мүмкіндік береді

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері әскерден қашқан ресейліктерге ЖСН алу қандай мүмкіндік беретінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекмановтың айтуынша, ресейліктердің көбі халыққа қызмет көрсету орталықтарында банк шоттарын ашу үшін ЖСН алу кезегінде тұр.

«ЖСН екі мәселе үшін беріледі. Көбінесе шетелдіктер банк шотын ашу үшін ЖСН рәсімдейді. Менің ойымша ол азаматтардың бәрі шот ашу үшін ЖСН рәсімдеп жатыр.

ЖСН бір рет беріледі. Келген сайын рәсімдеуге міндетті емес. Бұл бізге де ыңғайлы. Яғни бір шетелдік қайта келгенде ЖСН арқылы көріп отырамыз», - деді Дәулет Бекманов.

Ал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, ЖСН-і бар шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тарту процесі жеңілірек жүреді.

«Қоса кеткім келеді, шетелдіктер құқықтық аясында болуы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуы үшін де ЖСН қажет. Осыны да ескеру керек», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол әскерден қашқан ресейліктердің халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы әрекеті туралы мәлімет берді.

«Қазіргі таңда қандай да бір жанжал шығару фактілері тіркелген жоқ. Ондай болмайды деп үміттенемін», - деді ол.