Жүгіріп өтпекші болған: Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

0
466

Полиция қызметкерлері Әл-Фараби даңғылында болған жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.


Жүгіріп өтпекші болған: Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматының орталық көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Peugeut 308 көлігі Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Мендіқұлов көшесінің қиылысындағы жерасты өткелінің жанынан жолға жаяу жүргінші жүгіріп шыққан. Куәгерлердің айтуынша, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болды.

Жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақаттан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.