Жүк пойызының үстіне шыққан: Қарағанды облысында тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

0
556

Оқиға 7 мамырда болған.


Жүк пойызының үстіне шыққан: Қарағанды облысында тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Қарағанөзек бекетіндегі теміржолда жасөспірімді тоқ соғып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 7 мамырда болған. "Қазақстан теміржолы" ҰҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19:00 шамасында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соққан.
"Жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарын байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін әсіресе теміржол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз", - дейді теміржол мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайын өте ауыр.

"Денесінің жоғары бөлігінің 60%-і күйген. Қазіргі күні жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.