Жүкті әйелдерге SMS хабарлама жолданады

0
372

Барлық мәлімет алдын ала жіберіледі.


Жүкті әйелдерге SMS хабарлама жолданады

ERNUR.KZ. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үй иесінің телефонына өзі тіркеген тұлға туралы хабарлама жолданатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Адамды үйіңізге тіркеген кезде сіздің телефоныңызға кімді тіркегеніңіз туралы SMS хабарлама келеді. Бұған дейін азаматтардан бейтаныс адамдарды ескертусіз үйіне тіркеп қойғаны туралы көп шағым түсетін. Сондай-ақ тұрғылықты жерінен шығарылған азаматқа да SMS хабарлама келеді", – деді министр.

Оның сөзінше, бұл рұқсат етілмеген адамдарды тіркеуге жол бермеу және азаматтардың тіркеуден шыққанын біліп жүру үшін қажет .

"Жүкті әйелдерге де барлық хабарлама SMS арқылы жолданады. Яғни қай күні, қай емханаға бару қажеттігі туралы мәлімет алдын ала жіберіледі", – деді Бағдат Мусин.